Bugin

Қазақстан Қытайдағы логистиканы дамытуға 20 млрд доллар бөледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан, Қытай және Орталық Азияның басқа да елдері транзиттік көлік бағыттарын дамытуды жалғастыруы керек, деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

- «Транзиттік және көліктік бағыттарды әртараптандыруды және кешенді логистикалық шешімдерді енгізуді, соның ішінде жаңа жер дәліздерін іске қосу арқылы енгізуді жалғастыру маңызды. Қазақстан өз тарапынан 2025 жылға дейін осы мақсаттарға 20 миллиард доллар инвестициялауды жоспарлап отыр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Қытай» онлайн саммитінде.

Оның айтуынша, мұндай шаралар Қытайдан транзиттік ағындарды кеңейтуге, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Жалпы, Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша Орталық Азиядағы көлік коммуникацияларын дамыту бес мемлекеттің жалпы ішкі өнімінің 15 пайыз деңгейінде өсуін қамтамасыз ете алады.

- «Бұл орасан зор резерв, әрине, оны пайдалануымыз керек. Біз бұл бағытта кез келген ұтымды ұсыныстарға ашықпыз», - деді Тоқаев.

Орталық Азия мемлекеттері мен Қытай басшыларының онлайн саммиті дипломатиялық қарым - қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына орай өтуде.