Bugin

Көпбалалы аналар қамауға алынды (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қызылордада жаппай тәртіпсіздікке қатысқан екі көп балалы ана ұсталды. Олардың бірі жеті баланың анасы, кішісі 7 айлық. Ұсталған екінші азамат бес баланың анасы. Бұл туралы Bugin.kz порталы ZTB Qazaqstan Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қызылорда ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі әйел де қаңтар оқиғасының басқа қатысушыларымен бірге тәртіпсіздікке қатысып, Қызылорда облысы әкімдігінің ғимаратына басып кіріп, сол жерде погром ұйымдастырған.

Әйелдерге қатысты Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-бөлігі «Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Екі әйел де қылмыстық әрекеттерін толық мойындады. Олардың денсаулығының жай-күйі және кәмелетке толмаған балалары бар екені ескеріліп, негізгі жаза үйқамаққа ауыстырылды.