Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com27 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарихта алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Орталық Азия - Үндістан» саммитіне қатысады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оның айтуынша, жиынға Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди бастамашы болған. Іс-шара онлайн форматта өтеді.
- «Көшбасшылар Орталық Азия елдері мен Үндістан арасындағы түрлі салалар бойынша ынтымақтастықты нығайтудың және кеңейтудің перспективаларын талқылайды. Жиын қорытындысы бойынша «Орталық Азия - Үндістан» атты бірінші саммиттің декларациясы қабылданады деп күтіледі», - деп жазды Берік Уәли.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61