Bugin
Нұр-Сұлтанда «Оператор РОП» ЖШС-нің құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Руслан Шәмшиевтің өлімі өз-өзіне қол жұмсау дерегі ретінде тергелуде. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
- «Ер адамның мәйітін тапқаннан кейін Есіл ауданының полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деп хабарлады сәрсенбі күні Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Шәмшиев 2021 жылы РОП операторының басқарушы директоры болып тағайындалды, оған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құрылымдарында жұмыс істеген.