Bugin
Вячеслав Ким «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесінен кетті. Бұл туралы Bugin.kz порталы Қазақстан қор биржасының сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Миллиардер директорлар кеңесінен өз өтініші бойынша кетті.
Қазір «Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесі алты адамнан тұрады: Джон Дудас, Онг Бун Хви, Лука Сутера, Алмасадам Сәтқалиев, Данияр Ақышев және Әлібек Қуантыров.
2021 жылы Вячеслав Ким қазақстандық Forbes тізімінде екінші қатарға көтеріліп, Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмендердің бестігіне енді.