Қоғам

Вице-министр мен «ӨКМ Операторы» басшысының ұсталғаны рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұловтың және «ӨКМ Операторы» басқармасының төрағасы Медет Құмарғалиевтің ұсталғанын ресми түрде растады.

«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ Операторы" ЖШС Басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевтың ұсталғанын растайды.

Олар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Екеуі де Нұр-Сұлтан қаласының УҰИ-на қамалды», - деп хабарлады сәрсенбіде «антикордан».

Құмарғалиевтің ұсталғаны туралы ҚазТАГ бұған дейін хабарлаған еді, бірақ дерек көзі Пірімқұловтың УҰИ-ге түспегенін айтқан болатын.