Қоғам
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАтырауда мектеп директоры 6 млн теңгеден астам қаражат жымқырды деген айыппен үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Қазіргі күні келтірілген шығын толық өтелген. Бұл туралы Inbusiness.kz сайты хабарлайды.
Белгілі болғандай, М.Бекмұхамбетов атындағы орта мектеп директоры А.Салихова 2018 жылғы қыркүйек пен 2021 жылғы шілде айлары аралығында қызметтен босаған және жұмыс жасап жүрген мүғалімдерге табель толтыру, бұйрық шығару арқылы Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіппен және куәландырылған ресми құжаттарға жалған мәліметтер енгізіп, бюджет қаражаттарының негізсіз есептелуіне жол берген.
«Сотталушының іс-әрекетінен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделері және мектептің қалыпты жұмысы бұзылып, 6 099 904 теңге көлемінде мемлекеттің заңмен қорғалған мүддесіне елеулі түрде зиян келіп, ауыр салдарға әкеліп соқтырған», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61