Қоғам

Тоқаевтың жиені «Қазақстан халқына» қомақты қаражат аударды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жиені Мұхамед Ізбастин «Қазақстан халқына» қорына 100 миллион теңге аударды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«20-25 қаңтар аралығында «Қазақстан халқына» қоры арқылы қайырымдылыққа қомақты үлес қосты: (...) Ізбастин Мұхамед Теміртайұлы – 100 миллион теңге», - делінген сәрсенбі күні хабарламада.