Hi-Tech
Виртуалды әлем көздің бір қарашығында
Оның халық арасында танымалдыққа ие болмауының бірнеше себептері бар, ал сол себептерге байланысты қазіргі кезде Google Glass электронды құрылғысы сауда рыногында жоқ. 2012 жылы көзілдірікті компания енді таныстырған сәтте өте көп қызығушылық болды, барлығы үшін бұл жаңа техноллогиялардың жаңа серпіні іспеттес көрінді, алайда уақыт өте келе кемшіліктері білініп, ол өз актуалдылығыны жоғалтты. Құрылғының ең басты кемшілігі- жұмыс істеу уақытының аздығы болды, камераны қолданған уақытта оның бататеясы тек 30 минутқа жететін болған. Сонымен қатар тілдік кедергілер, қолданушы сұрауды тек ағылшын тілінде жүргізе алады. Компанияның бұл құрылғыны дамытуды тоқтатуына ең үлкен себебтің бірі- адамның жеке өміріне қол сұғу болды. Көптеген азаматтар көзілдірікті қолданушыларға наразылығын білдірген, себебі әрқашан жүргізіліп отыратын видео-түсірілім, оларға ыңғайсыздық тудырып, жеке өмірлеріне араласу деп есептелді. Тіпті, кей мемлекеттер бұл құрылғының экономикалық нарыққа кіруіне заңды шектеу қойды, ал кейбіреуі бұны шпиондық-құрылғы деп санады. Әрине кемшіліктерімен қоса, көзілдіріктердің артықшылықтары бар. Мысалы, көзілдірік смартфонды алмастыра алады, егер қолыңыз бос болмаған жағдайда, көзілдіріктің көмегімен ақапарат алып, онымен алмаса аласыз, өзіңіздің өміріңіз жайлы видео-күнделік жүргізуге мүкіндік бар және т.б смартфондағы қарапайым сұраныстарды орындай аласыз. Әрине, өте алып және білікті Google компаниясы да кейде қателік жібере алады, сондықтан көзілдірікті сәтсіз құрылғылардың біріне жатқызсса да, оның әлі де жетілдірілген түрі шығып, адамға пайдалы құрылғы болады деген ойдамыз. Ал, Google компаниясының бұл жобасы әлі де жұмыс істеп жатқаны туралы мәліметтер жоқ.
Қорыта айтқанда, егр бұл құрылғының жетілдірілген нұсқасы шығатын болса, онда бұл журналисттер қауымы үшін өте пайдалы болар еді, себебі өте ыңғайлы камера мен дыбыс жазу аппараты ақпаратты сақтауға және таратуға өте қолайлы.