Қоғам
Арыстанғали Заппаров Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.
«Қазіргі жағдайды ескере отырып, кадр әлеуетін нығайту, қылмыспен күресуді күшейту, азаматтардың қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз ету үшін Президент әкімшілігімен келісе отырып, Ішкі істер министрінің бұйрығымен Заппаров Арыстанғали Расылханұлы Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды. Ол бұған дейін ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған», - деді ҚР ІІМ баспасөз қызметінен.