Bugin
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары мен Сенат төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды bugin.kz порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының өкімімен Роман Юрьевич Василенко Қазақстан Республикасы cыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.
Бұған дейін Роман Василенко Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымын атқарған болатын. Президент өкімімен ол лауазымынан босатылды.
Ал Сенаттың бүгінгі отырысында сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев осы лауазымға депутат Ольга Перепечинаның кандидатурасын ұсынды.
Барлық депутат осы ұсынысты қолдады. Осылайша, Перепечина сенат төрағасының орынбасары лауазымына сайланды. Ол бірден президиумға өтіп, өз міндетіне кірісті.