Bugin
Үкімет қаулысымен Ерлан Қиясов берген өтінішіне сәйкес денсаулық сақтау вице-министрі — Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері қызметінен босатылды, деп хабарлайды bugin.kz порталы премер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, ол 2020 жылдың қыркүйегінде Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері болып тағайындалған болатын.