Қоғам

Шымкенттің 500-ге жуық тұрғынын алдап, 400 миллион теңгесін алып кеткендер ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент полицейлері алаяқтық жасаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен жылдың күзінде қаладағы дүкендердің бірінде жергілікті тұрғынға үш әйел келіп, тез байып кетудің қызықты схемасын көрсеткен. Олар арызданушыны миллион теңге көлемінде несие алуға көндірген. Былайша айтқанда, «өзіңе 300 мың ал, бізге 700 мың бер» деген. здеріесиені өздері төлейтін болып келіскен. Алайда несиені төлейтін уақыт келгенде алаяқ әйелдер қоңырауға жауап беруді қойған. Содан кейін жәбірленуші полицияға арызданған.

Полиция қызметкерлері мүмкін болатын куәгерлерді жауап алып, алаяқтар жаңа құрбандарды іздеуі мүмкін орындардағы бейнекамералардың жазбаларын қарап шықты. Көп ұзамай жедел уәкілдер олардың ізіне түсіп, қамауға алды. Олардың барлығы Түркістан облысының тумалары еді.

Тергеу барысында алаяқтардың дәл осындай схема бойынша 500-ге жуық адамды алдағаны белгілі болды. Ұсталғандардың жалпы шығыны шамамен 400 миллион теңгені құрайды.

«Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен үш азаматша ұсталды. Олар қарапайым халықтың арасына сіңісіп, сол схема бойынша бірнеше қылмыс жасаған. Бұл әйелдер күдікті деп танылып, қамауға алынды», - дейді Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық полиция бөлімі тергеушісі Спандияр Зайнидин.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.