Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comNur Otan партиясынан шыққан Семей қалалық мәслихатының VII-ші шақырылым депутаты Дулат Қажмұханбет мәлімдеме жасады. Бұл туралы Bugin.kz порталы ztb_kazakhstan Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
- Мен Қажмұханбет Дулат Тасболатұлы Семей қалалық мәслихатының 7-ші шақырылым депутатымын. Кешелі бері өмірімдегі маңызды шешімдердің бірін қабылдап, өзімнің жеке басымның ғана қамын емес, елімнің болашағын ойлағаннан кейін бардым. «Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының жұмыстарына сенімсіздік танытқаннан кейін партия мүшелігінен шығуға бел будым. Бұл басшылықтың немқұрайлылығы бүгінгі таңда Семей өңірінің даму бағдарламасының толыққанды қамтамасызданбағаны. Бағдарламалардың уақытылы істелмеуі. Депутат болғандықтан әр кезекті, кезектен тыс отырыстарында ұсынылған сұрақтардың толық талқыланбауы. Біз қойған сауалдарға немқұрайлы жауап берулері. Толық және дәлді ақпараттардың берілмеуі және жүйелі түрде жұмыс істемеуі себеп болып отыр.
Әрі қарай еңбегіміздің көзбояушылық арасында қалып кетеріне және әділ шешімнің табылмайтынына көзім жеткеннен кейін осындай іске баруға тура келді. Өзімнің кешелі бері өтініш беріп, партиядан шыққанда партиялас азаматтар сөзбен емес, іспен қолдап өз өтінішін беріп жатыр екен. Бұл да көз көрген, бұл жайды түсінгендіктен деп білемін. Бұл жүйедегі басшылықтар өзгермей, біздің дамуымыз екіталай - деді депутат.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61