Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comНұр-Сұлтанда ер адам тоғызыншы қабаттың терезесінен төсенішпен төмен түспек болған жерінен құлап кетіп, көз жұмды. Бұл туралы Bugin.kz порталы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 26 қаңтар күні Құдайбердіұлы даңғылында болған.
- «Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері фактіні растады, олар 59 жастағы ер адамның мәйітін тапты. Оның 9-қабаттың балконынан төмен түспек болғаны анықталды, нәтижесінде ол құлаған», - деп хабарлады ДП.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция да ер адамның бір-біріне байланған жаймаларды төмен түсірмек болғанын растады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61