Weekend

Жансая Әбдімәлік – біздің чемпион!

Шаxматшы қыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жансая Әбдімәлік – 2000 жылдың 12-қаңтарында Алматы  қаласында дүниеге келген. Қазақстаннан шыққан тұңғыш шаxматшы қыз. Оның бірінші жаттықтырушы  оның әкесі Данияр Аширов болған.

Жансая  алты жасында өзінің алғашқы атағын жеңіп алды, 2006 жылы ол 8 жасқа дейінгі қыздар арасында Алматыда өткен шахмат бойынша әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Осылайша оның шаxматшы ретіндегі өмір жолы басталды. Көптеген жарыстарға  қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Солардың біршамасына тоқтала кетсек жөн болар.

2007 ж. Қаңтар –  8 жасқа дейінгі қыздар арасында шахмат бойынша Қазақстан Чемпионатына қатысып, 9 ұпайдан 8,5 ұпай жинады.

Маусым -  Украинадағы халықаралық турнирде алтын медальді иеленіп, 7 жасында бірінші санатты нормативін орындайды.

Қараша айы -  Түркиядағы ұлдар мен қыздар арасындағы әлем чемпионатында 4 орынды иеленді. 

2008 қаңтар – ол өзінің жас тобында тағы да Алматы чемпионы атанды.

Наурыз - Жансая 10 жасқа дейінгі қыздар арасында «классикалық», «жедел» және «блиц» номинацияларында алтын медальдарға ие болған Қазақстан Республикасының абсолютті чемпионы атанды.

Шілде – Жансая Ирандағы Азия чемпионатында жеңіске жетіп, қазақстандық шахмат тарихындағы ең жас Азия чемпионы болды.

Қазан – Вьетнамда ФИДЕ (жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты) бастамасымен 8 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы әлем чемпионатында 11 мүмкіндігі бар 10 ұпайға ие болған Жансая Әбдімәлік әлем чемпионы атағын жеңіп алды 

2010 шілде - Түркияда тоғыз ойында 9 жеңіске жетіп, Жансая өз жас санатындағы оқушылар арасында чемпион атанды, сол кезде көптеген қазақстандық БАҚ бұл турнирді қыздар арасындағы әлем чемпионаты ретінде қате көрсетті, бірақ оқушы турнирі әлем чемпионатына қарағанда беделді емес. Оған ФИДЕ шебері атағы берілді.

Қарап отырып жетістіктеріне тамсанып қаласыз. Небәрі 19 жасында осыншама белестерде бағындырып жатыр,алла тіл көзден сақтасын. Әйткенмен сізде балаңыздың немесе іні-қарындастарыңыздың шаxмат әлеміне бас сұққанын қаласаңыз, чемпион атымен аталатын академия  берсеңіз болады. Шаxмат– ақыл ойды жаттықтыруға арналған керемет спорт түрі болып табылады. «Жансая Әбдімәлік атындағы шаxмат академиясына кез-келген жастағы оқушылар мен студенттер қатыса алады.

Қазіргі таңда академия 3 жерде  жұмыс істеп тұр.Олар; Алматы қаласы (Мекен-жайы:Розыбакиев көшесі 289,ЖК «Айгерым» және де Достық 124, Оқушылар сарайы), Шымкент қаласы (Мекен-жайы; Әл-Фараби ауданы, Байтұрсынова көшесі 13).

Қорытындылай келе, әрбір бала чемпион болуға лайықты. Тек қана оған біраз уақыт көңіл бөліп,біраз қаражат жұмсауыңыз керек болады. Жансаяны да ата-анасы 6 жасынан бастап шаxмат үйірмесіне берген екен. Алайда мықты шаxматшылар сағатына 100$ сұрағандықтан,ақша жағынан қиналған екен.Кейіннен Жансая  Сингапур еліне барып дайындалады, себебі онда шеберлік сабақтары тегін өтілген екен. Қазірде бұрынғыдай заман емес, шаxмат  үйірмелерінің бағасы 10.000 теңгеден басталып 25-30.000 тг дейін жалғасады, өзің таңдаған шаxмат үйірмесіне бере аласыз. Одан басқа да елімізде  көптеген шеберлік ұйымдары бар. Ең бастысы-баланың қалауы. Жансая Әбдімәліктің қалауы-шаxматтың чемпионы болу  еді. Міне  арманының орындалғанын куәсі болып отырмыз. Сіз де армандай біліңіз, ол бір күні орындалады.