COVID-19

Уханьдық ғалымдар коронавирустың жаңа түрін анықтады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

фото: egemen.kz

Уханьдық ғалымдар жаңа коронавирус қаупі туралы ескертеді. Ол Оңтүстік Африка Республикасында анықталған. Бұл туралы Bugin.kz хабарлайды.

Хабар24 мәліметінше, әзірге ол тек жарқанаттар арасында ғана таралып жатыр. Алайда мамандар жаңа вирустың адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін екенін айтады. 

Өйткені ол мутацияға ұшыраса, жануарлардың ғана емес, адамдардың да жасушаларына өте алады. Жаңа вирус 2010 жылдары кең етек жайған таяу шығыс респираторлық синдромын қоздырған коронавирусқа ұқсайды екен. 

Ковид-19-бен де ортақ қасиеттері бар көрінеді. Ғалымдар әлі көп зерттеу жүргізу керек дейді. Айтуларынша, қолда бар мәлімет әзірге қандай да бір қорытынды жасауға жеткіліксіз.