Қоғам

Бейжің-2022: Қазақтың туын кімдер көтеріп шығады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 

Қазақстандық спортшылар Бейжіңге аттанды. 4 ақпанда Қытай астанасында қысқы Олимпиада ойындарының жалауы желбірейді. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

«Спортшыларымыз кейінгі аптада жабық карантиндік аймақтарда жаттығып, жарысқа дайындалған. Қытайға олимпиадашылармен бірге  спорт дәрігерлері де барады. Қатысушылар үшін міндетті шарт –  ол ұшу алдында карантин, геолокацияны қадағалайтын мобильді қосымшаны пайдалану. Мұның бәрі нұсқаулықта көрсетілген» - дейді  Ұлттық Олимпиадалық комитетінің өкілі Лаура Үкбенова.

Хабар24 мәліметінше, осы Бейжің Олимпиадасында қазақтың көк туын Абзал Әжіғалиев пен Екатерина Айдова көтеріп шығады.  

Абзал Әжіғалиев шорт-тректен Қазақстан командасының көшбасшысы, әлем кубогі кезеңдерінің жеңімпазы әрі жүлдегері. Ал Екатерина Айдова конькиден төрт құрлық чемпионы.