Болат Төкежанов қызметінен кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Болат Төкежанов Қазақстанның әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) басшысы қызметінен кетті. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

Болат Төкежанов 1972 жылы 19 шілдеде ҚазКСР Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

1994 жылы Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын "Экономист" мамандығы бойынша бітірген. 2010 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұлттық мемлекеттік саясат мектебінде мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі дәрежесін алды.

Дьюка, Дарем, Солтүстік Каролина, АҚШ-та Стэндфорд университетінің мемлекеттік саясат мектебінде, сондай-ақ,  Сингапурдағы Ли Куан Ю  атындағы Ұлттық Университеттің мемлекеттік саясат мектебінде оқыған. 

Болат Төкежанов Қазақстанның салық қызметі жүйесінде жұмыс тәжірибесі бар, Шығыс Қазақстан облысындағы денсаулық сақтау ұйымдарын басқарды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде басшылық қызметтерді атқарды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі, жауапты хатшысы болып жұмыс істеді.

"Құрмет" орденімен марапатталған, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі. Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61