Қоғам
Біртановтың ісіне тағы жаңа 8 том қосылды. Бұл туралы бүгін өткен сот тыңдауында бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады.
Экс-министр мен оның қорғаушылары іс бойынша материалдармен танысып үлгермегендерін алға тартуда.
«Істі басқа тергеу органына, атап айтқанда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке беру туралы өтініш айтамын», - деді Елжан Біртанов сот тыңдауында.