Bugin
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы, Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева, бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин және бүгінге дейін «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары қызметін атқарған Бауыржан Байбек саяси кеңестің құрамына енбей қалды. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
Тізімде Назарбаева, Мамин және Байбектен басқа Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин, Қазақстанның Украинадағы және Молдовадағы елшісі Дархан Кәлетаев, Мәдениет министрі Дәурен Абаев, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова да жоқ.
«Нұр Отан» партиясының саяси кеңесіне барлығы 92 адам кіреді.