Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАлматыда 8 жыл бойы жеке шотына жалған жалақыны заңсыз аударып келген №3 оқушы үйінің бас бухгалтері сотталды. Бұл туралы bugin.kz порталы Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті Алматы қаласы білім басқармасының "№3 оқушылар үйі" МКҚК бас бухгалтері Е.Л.Офицероваға қатысты аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Тергеу барысында бас бухгалтер 2013-2020 жылдар аралығында өзінің карточкалық есепшотына жалпы сомасы 50 млн. теңгеден астам бюджет қаражатының жалған жалақысын заңсыз аударғаны, сол арқылы мемлекеттік мекемеге аса ірі мөлшерде материалдық залал келтіргені анықталды - делінген ҚМА Баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сот үкімімен экс-бас бухгалтер ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша 10 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, кінәлі деп танылды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61