Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com«Қазақстан халқына» қоғамдық қорына 16-27 қаңтар аралығында қазақстандықтардан қанша ақша түскені белгілі болды. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
Қор Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік сала, мәдениет және спорт салаларындағы мәселелерді шешу жөніндегі бастамасын қолдаған Қазақстан халқына, ірі кәсіпорындар мен еңбек ұжымдарына алғысын білдірді.
- «2022 жылдың 16 қаңтары мен 27 қаңтары аралығында қорға 52 миллиард теңгеден астам қаражат түсті. Қорда жылына кемінде 100 миллиард теңге көлемінде қаражат жинақталады деп жоспарлануда. Біздің болжамдық есептеулерімізде шетелдік және халықаралық компаниялардан қаражат алу көзделмеген», - делінген хабарламада.
«Қазақстан халқына» қорына 26-27 қаңтар аралығында Болат Өтемұратов 10 млрд теңге және «Рамс-Қазақстан» ЖШС-і 300 млн теңге бөлген.
Сондай-ақ қор басшылығы алынған барлық қаржы ресурстарының толық ашықтығы мен есеп беруі қамтамасыз етілетініне сендірді және бұл қаражат қазақстандықтардың игілігіне, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім, мәдениет және басқа да салалардағы мәселелерді шешуге бағытталатынын айтты.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61