Спорт

Серік Жарасбаев: Әрбір шағымға жеке тоқталып, жұмыс жүргізетін боламыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев балалар спортын қаржыландыру саласындағы барлық кемшіліктердің жойылатынына уәде берді. Бұл туралы Bugin.kz порталы Мәдениет және спорт министрлігінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың төрағалығымен мемлекеттік спорттық тапсырысқа арналған жиналыс өтті. Балалар мен өңір әкімдерінің орынбасалары қатысқан онлайн жиында балалар спортын қаржыландыру мәселесі қаралды.

Серік Маратұлы мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша қызмет көрсетушілерге төленбеген қаражат пен осы жылға бөлінген қаржыға тоқталды.

«Балалар спортын қаржыландыру бағдарламасы бойынша арыз-шағымдар өте көп. Олқылықтың бары да жасырын емес. Әрбір шағымға жеке тоқталып, жұмыс жүргізетін боламыз. Қала және өңір әкімдіктерінен жергілікті спорт басқармаларының жұмысын жіті қадағалауларын сұраймыз. Жоба жалғасын табатын болады. Балалар спортын, бұқаралық спортты дамыту басты мақсатымыз екенін тағы бір естеріңізге саламын»-деді  ол.

Сондай-ақ вице-министр аталған жоба аясында әкімдіктер тарапынан қосымша қаржы бөлініп, қызмет көрсетушілер және ата-аналар тарапынан да өтініштер қабылдау жұмыстары жанданатынын жеткізді.

Айта кетейік, Республика бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңбері аясында спорт үйірмелерінде 162 208 бала спортпен тегін негізде шұғылданады. Жыл соңына дейін 352 939 баланы қамту жоспарда бар.