Атырауда жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атырау облысында жол-көлік оқиғасынан бес адам қайтыс болды. Олардың екеуі кәмелетке толмаған, деп хабарлайды bugin.kz порталы «Мой ГОРОД» сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 28 қаңтар күні сағат 16.00 шамасында «Доссор-Құлсары-Бейнеу» тас жолында болған. Атырау облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі Өзбекстанда тіркелген MAN жүк көлігі мен Алматы облысының тұрғынына тиесілі Toyota Camry көлігінің соқтығысқанын хабарлады.

«Оқиға салдарынан Toyota Camry көлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы (олардың екеуі кәмелетке толмағандар) оқиға орнында қаза тапты. Оқиға орнында полицейлер тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», - дейді полициядағылар.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61