Bugin
Польша жылдар бойы ТМД елдеріндегі радикалды оппозицияға демеушілік жасады, оның ішінде Қазақстандағы оппозицияны ресурстармен қамтамасыз етіп отырды. Дәл осындай тұжырымдаманы Беларусь Президенті Александр Лукашенко жасаған болатын, деп хабарлайды bugin.kz порталы ztb_kazakhstan Instagram арнасына сілтеме жасап.
Саясаткер біршама елдер ішінде Ресей мен Беларусьтегі тәртіпсіздіктерді ұйымдастырудың артында Варшава тұр деп сендірді.
«Ресейге кірді. Ол түсінікті, себебі бұл ел жау. Десе де, Федерацияны жеңбей, Беларусьті жеңу мүмкін емес. Алайда олар Қазақстанға да кірді! Не керек бұларға?» - деді ол.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қазақстанда болған толқуларға поляктардың ықпалы туралы ешқандай дәлел келтірмеді.