Несиесін төлей алмай жүргендерге арналған заң шықпақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Несиесін төлей алмай жүрген азаматтарға қатысты жаңа заң шығады, деп хабарлайды bugin.kz порталы «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Оның басты мақсаты – азаматтарды жалғыз баспанасынан айырмау.

Телеарна мәліметінше, үкімет басшысы Әлихан Смайылов «Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң жобасын енгізуді ұсынды. Аталған құжат 4 ақпанға дейін дайындалуы мүмкін.

«Заң жобасында жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің түрлері, оларды қолдану негіздері және басқа да ережелер қарастырылған. 18 заңнамалық актіге – 7 Кодекс пен 11 Заңға түзету енгізу жоспарланған», – делінген хабарламада.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61