Bugin
Әлеуметтік желілерде Ташкент хайуанаттар бағында анасы баласын аюы бар қораға лақтырып жіберген сәт түсірілген видеосы тарап кетті. Бұл туралы Bugin.kz порталы nuz.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 28 қаңтар күні түс ауа болған. Кадрларда әйелдің қоршау жанында қолындағы баласымен біраз уақыт тұрып, кейін оны қалай лақтырып жібергені көрсетілген. Осыдан кейін аң ақырын арыққа түсіп, қызға жақындады, бірақ оған тиіспеді.
Хайуанаттар бағының қызметкерлері тез әрекет етіп, жануарды ішкі бөлмеге тарта бастады, ол бірден кірді. Баланы қорадан шығарып, медбике қарап шықты. Үш жасар қыз жыртқыштың тісінен емес, бес метрге жуық биіктіктен құлағаннан ғана зардап шеккен.
Ауруханада қыз дереу барлық қажетті медициналық тексерулерден өтті.
- «Ол жеңіл шок жағдайында болған. Биіктіктен құлау салдарынан оған ашық бассүйек-ми жарақаты және миы шайқалған деген диагноз қойылды. Қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында жағдайы қанағаттанарлық», - дейді дәрігерлер.
Өзбекстан Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоғарыда аталған факті бойынша «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша іс қозғалған.