Bugin

Қызын аюға тастаған келіншек жоғары оқу орындарының бірінде оқытушы болып шықты (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қызын аюға лақтырып жіберген әйел елордалық жоғары оқу орындарының бірінде оқытушы болып шықты. Бұл туралы Bugin.kz порталы nuz.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Маһаллаларды және отбасын қолдау министрлігі Ташкент хайуанаттар бағында әйелдің үш жасар қызын неліктен аю қорасына лақтырып жібергенін айтты.

Министрлік қыздың анасы 31 жастағы З.Т.ның Ташкент университеттерінің бірінде сабақ беретінін хабарлады. Әйелдің тағы бір баласы бар. Қазір олар Сіргелі ауданында З.Т.-ның әкесінің үйінде тұрады. 

Әйелдің күйеуі 32 жастағы Н.К.-ның Ресейге жұмыс істеуге кеткені оның күйзеліске ұшырауына себеп болған.

Бұған дейін ажырасудың аз-ақ алдында тұрған отбасына махалла азаматтары жиналысының төрағасы мен әйелдер ісі жөніндегі инспекторы бірнеше рет келіп, ерлі-зайыптыларды татуластыруға әрекеттенген. 2021 жылы З.Т. «әйелдер дәптеріне» енгізілген, оған тұрғын үй және ажырасу мәселелері бойынша заңгерлік кеңестер берілді. Екі рет отбасына демеушілік есебінен азық-түлікпен көмек көрсетілді.

Еске салайық, жан түршігерлік оқиға 28 қаңтар күні түскі сағат 12 шамасында болған. Аю қызға ешқандай зиян келтірмеген, бірақ бес метрлік биіктіктен құлау нәтижесінде ол ашық бас сүйек-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Қыз ауруханада жатыр, оның емделуін хайуанаттар бағы төлейді.