Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comӘл-Фараби ауданында пәтерлердің бірінен үш адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
2022 жылдың 30 қаңтарында сағат 17:36-да 103 қызметіне Әл-Фараби ауданы Ерманов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйден хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жедел әрекет ету тобы жеткен. Олар арнайы құралдардың көмегімен алдыңғы есікті ашып үлгерген.
Пәтерден 1978, 1957 және 1979 жылы туған үш адамның мәйіті табылған. Өлімнің алдын ала себебі - көміртегі тотығынан улану.
- «Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнына 8 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінен.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61