Bugin

Алматы қаласының әкімі ауысты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

Ерболат Досаев 1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында туған.  

Білімі:

1993 ж. – Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолы:

1993-1994 жж. – «Іскер» МАӨҚ менеджері, «Вега» ШК директорының орынбасары.

1994-1996 жж. – «Акцепт» Фирмасы» ЖШС директорының орынбасары, директоры.

1996-1997 жж. – «Акцепт» Корпорациясы» ЖАҚ директоры, бірінші вице-президенті, бас директоры, «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.

1997 жылдың тамызы – 1998 жылдың наурызы – «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ басқарма төрағасы.

1998 жылдың наурызы-шілдесі – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңесшісі.

1999-2001 жж. – Қазақстан Республикасының құнды қағаздар бойынша ұлттық комисиясы мүшесі.

1998-2000 жж. – Қазақстан Республикасы энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.

2000-2001 жж. – Қазақстан Республикасы қаржы вице-министрі.

2001-2002 жж. – Қазақстан Республикасы табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы.

2002-2003 жж. – Қазақстан Республикасы табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы.

2003-2004 жж. – Қазақстан Республикасының қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы; Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басқарма мүшесі.

2004-2006 жж. – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі.

2012-2013 жж. – Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрі.

2013-2014 жж. – Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.

2014-2016 жж. – Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі.

2016 жылдың шілдесі – 2017 жылдың тамызы – «Бәйтерек» ҰБХ басқармасының төрағасы.

2017 жылдың 29 тамызы – 2019 жылдың 25 ақпаны – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары. 2

019 жылдың 26 ақпанынан – Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасы.