Bugin

Жаңаөзендік мұғалімдер наразылық акциясына шықты (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жаңаөзен қаласындағы №2 және №6 мектептің қызметкерлері ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа оқу орындарын жекенің қолына беруді тоқтатуды талап етіп, үндеу жариялады, деп хабарлайды bugin.kz порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

«Мектебіміз жекенің қолына өтсе, жалақыны өзгертіп, қызметкерлерді қысқартуды бастайды. Ата-аналарға да қиындық тудырады: бәрі ақылы болады. Біз Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жұмыс істейміз, сыныптарымызды өзіміз жаңарттық, жаңа жабдықтарды өзіміз сатып алдық. Біз мектептің жеке қолға өтуіне үзілді-кесілді қарсымыз», - дейді ұстаздар.

Осындай видеоүндеуді 30 қаңтарда №2 мектептің мұғалімдері де жазды.

Маңғыстау облысының білім басқармасы ұстаздардың алаңдауына негіз жоқ екенін мәлімдеді.

Мектептер жекешелендірілмейді, сенімгерлік басқаруға беріледі.

«Мектептер мемлекет меншігінде қалады», - деп хабарлады ведомство.

Мемлекеттік-жеке серіктестік механизмі арқылы сенімгерлік басқаруға беру кезінде жеке серіктеске қойылатын негізгі талаптар:

- мұғалімдердің біліктілігін арттыру арқылы білім сапасын көтеру;

- күрделі және жеңіл жөндеуді қажет ететін ғимараттарды қысқа мерзімде жөндеу;

- білім саласындағы заманауи технологияларды пайдалана отырып, қазіргі талаптарға сәйкес келетін сапалы білім беру үдерісін ұйымдастыру.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.