Bugin

Кәрім Мәсімовтің күйеубаласы қалай тұрады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан қоғамы мемлекетке опасыздық жасады деген күдікке ілінген ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің атышулы ісін талқылап жатқанына бір айдай болды. Дегенмен қайын атасынан кем түспейтін, ҰҚК-нің экс-басшысының күйеубаласы, Мәсімовтың үлкен қызы Тамилла Кәріммен отау құрған Азамат Қапеновтың еңбек жолына үңіліп көрдік. Бұл туралы ulysmedia.kz сайты жазды, деп хабарлайды bugin.kz порталы.

Қапенов Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы «Экономика және менеджмент», «Құқықтану»  факультеттерін және Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша білім алған.

Университетті бітіргеннен кейін Мәсімовтің болашақ күйеу баласы мамандығы бойынша жұмыс істейді. 1996 жылдан бастап Қапенов түрлі ұйымдарда басшылық қызметтер атқарды, солардың бірі – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ.

Алайда оның тасы өрге домалай жөнеледі. Ол бірнеше жыл  «Көлік қызметі орталығы» АҚ вице-президенті, «Қазақстанның көлік холдингі» ЖШС бас директорының орынбасары, «Қазтеміртранс» АҚ-ның Пайдалану және логистика жөніндегі вице-президент қызметтерін атқарған.

Осылайша, Қапеновтың есімі Бұқаралық ақпарат құралдарында шыға бастады.

Мәселен, 2009 жылы Қапенов алматылық «Бейрут» мейрамханасында төбелескені үшін ұсталды, БАҚ бұған себеп белгілі продюсер Елтінжал Тұрғаналиевпен болған жанжал деп жазды.

«Ол шынымен де бүкіл вагон нарығын өз қолына алды, ал вице-президенттікке келгеннен кейін теміржол тасымалының тарифтері тауардың ерекшелігін, салмағын, қаптамасының түрін ескермей өсті», – деп уәж айтты қарсыластар.

2014 жылы  Inter Group Corporation ЖШС сол кездегі ҚТЖ президенті Асқар Маминге хат жолдап, онда осы компанияның жүк тасымалы тарифтерінің күрт өсуіне байланысты Қапеновке тікелей айыптар тағылған. Кейін Бас прокуратура «Қазтеміртранс» кейбір компаниялар үшін тарифтерді заңсыз көтеріп, ал кейбіреулер үшін айтарлықтай төмендеткен деген қорытындыға келген. ҚТЖ басшыларының қызметінің нәтижесінде прокурорлар өз қорытындысында «шенеуніктердің заңсыз шешімдерінен айырылған табыс көлемі миллиардтаған теңге» деп жазды.

Бұл оқиғалар Қапеновтың жеке өміріне әсер етпей қоймады. Ол тұрғылықты жерін өзгертіп, Мәскеуге көшуге мәжбүр болды. Дәл сол жерде тайы оңынан туып –  сол кездегі премьер-министр Кәрім Мәсімовтің үлкен қызы – Тамилла Кәріммен кездеседі. 2015 жылы олар үйленіп, көп ұзамай Азамат Қапенов Қазақстан премьер-министрінің күйеу баласы болды. Сөйтіп Федералдық жүк тасымалдау компаниясының бас директорының орынбасары болды және ТМД және көршілес елдерде бизнесін дамыта бастады.

Мәсімовтің күйеу баласының «хайпы» мұнымен бітпеді. 2020 жылы «Ашық медиа» редакторлары Капеновке 2018 жылдан бері Мәскеудегі Серебряный Борда ауданындағы 2900 шаршы метр жер телімі тиесілі болғанын анықтады. Сонымен қатар, ҰҚК экс-басшысының күйеу баласында 1 миллиард рубльге сатқан 507 шаршы метр үйі болған.

Бұған дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов қамауға алынғанын жазған болатынбыз.

2022 жылы 6 қаңтарда ҚР ҰҚК Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігі бойынша «Мемлекетке опасыздық жасау» фактісі бойынша тергеуді бастаған. Сол күні ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.