Bugin
Үкіметте 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу мәселелері қаралды, деп хабарлайды bugin.kz порталы премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, ұлттық экономика министрлігі ұсынған шаралар бірнеше бағытты қамтиды. Олар:
- халықтың табысын арттыру;
- шағын және орта бизнесті дамыту;
- жаңа инвестициялық саясатты қалыптастыру;
- мемлекеттің ел экономикасына қатысу үлесін қысқарту;
- макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
- мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту;
- тарифтік саясатты жетілдіру.
Ауыл шаруашылығы министрлігі жаңа алма бақтарын отырғызуға, ет өнімдерін қайта өңдеуге, құс етін өндіруге және балық өсіруге басымдық жасайды. Картоп пен көкөністерді сақтау жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру шаралары да жоспарланған.