Ақтөбедегі жол апаты: Өзбекстан азаматы бес адамның өліміне себепкер болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтөбеде Самара–Шымкент тасжолында жол апаты болып, бес адам қаза тапты, деп хабарлайды bugin.kz порталы «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Мәліметке сүйенсек, 30 қаңтар күні кешкі сағат 19.20-да Өлке ауылына жақын жерде Mercedes жүк көлігі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Рөлде Өзбекстан азаматы болған. Дәл алдынан Toyota Camry шыққан. Екі көлік бетпе-бет соқтығысты.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Бұл бапта бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61