Спорт

«Зенит» Қазақстандық футболшыны жалға алуы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Зенит» Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» футбол клубының қорғаушысы Нұралы Әліпті маусым соңына дейін жалға алуы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты хабарлады.

Бұған дейін футболшы «Зениттің» БАӘ-де өткен алғашқы қысқы оқу-жаттығу жиынына қатысты. Кейін Әліп ресейлік клубтың Португалиядағы екінші оқу-жаттығу жиынына аттанды.

Нұралы Әліп «Қайрат» сапында 99 матчқа қатысып, бес гол соқты және төрт нәтижелі пас берген. 

Қазақстан құрамасы сапында Әліп 12 ойын өткізді. Transfermarkt порталы 23 жастағы қорғаушыны 1,7 млн еуроға бағалайды.

Айта кетейік, екі жыл бұрын «Зенит» тағы бір қазақстан ойыншы Бауыржан Исламханға қызығушылық танытып, жаттығу жиынына шақырған. Ол санкт-петербургтік клубтың бір жиынына қатысып, жолдастық матчта алаңға шыққанымен, келісімшарт жасасқан жоқ.