Қоғам

Жалдамалы пәтер бағасының 50 пайызын мемлекет төлейді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жалдамалы пәтер ақысының 50 пайызын мемлекет төлеуі үшін өтініш берушіге қандай талаптар қойылатынын айтты. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

«Шамамен 70 мың адамға қолдау көрсету жоспарланып отыр. Ол үшін бюджеттен 50 миллиард теңге қажет. Кезекте тұрған адам санына байланысты бұл қаражат көлемі жыл сайын өзгеріп тұруы мүмкін» - деді министр.

Сондай-ақ өтініш берушіге қойылатын негізгі талаптарды да атап өтті.

«Өтініш берушіге қойылатын негізгі талаптар: біріншіден, ҚР азаматтығы. Екіншіден, отбасының кейінгі алты айдағы жиынтық табысы отбасының әр мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен 1 еселенген шамасынан аспауы. Үшіншіден, тұрғын үйге мұқтаж ретінде әкімдікке кезекте тұрғанын растауы» - деді Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында.