Қоғам
Мәжілістің жаңа төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов болды.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«ҚР Парламенті Мәжілісінің жаңа сайланған төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов», - деп жазды ол.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды» - делінген Ақорданың хабарламасында.