Саясат
Халыққа есеп беру
Ол бес баланың өлімі барлығының қабырғасын қайыстырғанын және осы оқиға көпбалалы аналардың маңызды мәселесі бар екенін көрсеткенін айтты. Бақыт Сұлтанов осындай қайғылы жағдайдың қайталануына жол бермеу үшін шешімін табатын жолдарды қарастырғанына да тоқталды.
Ол қала тұрғындарының көпшілігін алаңдатқан баспана мәселесі қаралып жатқанын атап өтті.
Бақыт Сұлтановтың айтуынша, енді көпбалалы аналарға пәтерлерді жалға беріп қана қоймай, кейін оны сатып алуына да жағдай жасалады. Яғни, тапқан қаражатын пәтер иесінің қалтасына салмай, оны меншігіне өтетін өз баспанасына құятын болады.
Астана әкімі бұл жоспардың қалай іске асырылатынына тоқталды.
"Өздеріңіз білесіздер, қала маңындағы ескі үйлер сүріліп жатыр. Олардың орнына заманауи талапқа сай, биік, көп қабатты, айналасында мектеп, балабақша, емхана, дәріханасы, тағы басқа әлеуметтік инфрақұрылымы қамтылған тұрғын үйлер салынып жатыр. Яғни, көп балалы аналарды пәтермен ғана қамтып өқймой, бүгінгі күннің керегіне сай жағдайлармен қамтамасыз ететін боламыз",- деп сендірді Бақыт Сұлтанов.