Bugin
Халықаралық зияткерлік олимпиада жеңімпаздары ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орнына грантқа түсе алады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды bugin.kz порталы.
«Дарынды балаларды қолдау өте маңызды. Президенттің тапсырмасы бар. Биылдан бастап халықаралық зияткерлік олимпиадалардың жеңімпаздарына конкурсқа қатыспай, ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орнына грант алу мәселесі қарастырылып отыр», - деді министр.