Bugin

Жұлдыз жорамал: ақпан айында сізді не күтіп тұр?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2022 жылдың екінші айында жұлдыздар денсаулыққа назар аударуға және қаңтар аяқталғаннан кейін әдеттегі өмір ырғағын қалпына келтіруге уақыт бөлуге шақырады. Ақпан айына арналған жұлдыз жорамалды Stan.kz ақпарат агенттігі ұсынады, деп хабарлайды bugin.kz порталы.

Рестроградты Меркурий ақпан айында планеталарға әсер етеді және көптеген жұлдыз белгілері өз бастамаларында  белгілі бір тежеулерге тап болуы мүмкін. Қаңтар айында іске асады деген жоспарлар ақпанда орындалмай, тұрып қалуы мүмкін. 

Ал романтиктер ақпан айында өз қиялындағысын жүзеге асыра алады, өйткені осы айда жылдың ең жағымды оқиғаларының бірі – Ғашықтар күні бар.

Ақпан айында жұлдыз белгілерінің өкілдеріне не білу керек және неге дайын болуы керек?

Тоқты

Тоқтылардың осы айда жұмысы ауырлау болады. Айдың басында олардың табысқа жету барысында "екінші тынысы" ашылады. Бірақ жұлдыздар сонымен бірге қырағылықты жоғалтпауға кеңес береді, бұл сізге кейбір процестерге нақты қарауға және жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.

Айдың ортасы іскерлік сапарлар мен іссапарлар үшін қолайлы, бұл болашақта пайда әкелуі мүмкін. Бірақ мұнда сіз бәрін нақты ойластырып, жоспарлауыңыз керек, сонымен қатар өз күшіңізді ұтымды пайдаланғаныңыз жөн. Егер ақпанның басы мен ортасында ұтымды әрекет етсеңіз, онда айдың соңы тұрақтылығымен келеді.

Ақпан айында тоқтылар белгісіндегі әйелдер жинақталған мәселелерді шеше бастайды, бірақ дүкенге барып, сауда жасағанша, ақшаны үнемдеген дұрыс. Ақпан айының ортасында жағымсыз тосынсыйлар болуы мүмкін, бірақ егер сіз бәрін байыппен  қабылдасаңыз, онда жағдай қалыпқа келеді. Айдың соңын достарыңыз бен туыстарыңызға арнауға болады.

Айдың басында тоқты белгісіндегі ер адамдардың іскерлік келіссөздері сәтті өтеді. Осы айда қызықты идеялармен бөлісе алатын пікірлес адамдарды табуға болады. Алайда айдың ортасында күшіңіз сарқылып кеткенін сезуіңіз мүмкін, сондықтан өзіңізге ұнайтын іс-әрекетті табу керек, ал айдың соңында өзіңізге, оның ішінде денсаулыққа уақыт бөлген дұрыс.

Торпақ

Ақпан айының басы торпақтарға еркіндік әкеледі,  босаңсуға мүмкіндік туады. Бұл белгі өкілдері сәттілік бет бұрды деп ойлауы мүмкін, бірақ бұл сезім алдамшы болып шығуы ғажап емес, жұлдыздар тұрақтылықты сақтауға кеңес береді.

Айдың ортасы, жұлдыз жорамалына сәйкес, тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жоспарлау үшін қолайлы. Көптеген жеңілдіктер құрылыс материалдарын сатып алуға үнемдеуге көмектеседі. Содан кейін бүкіл отбасыңызбен демалысқа шыға аласыз.

Торпақ белгісіндегі  өз жоспарларын жүзеге асыра алады, ал туыстары мен достары әрқашан оларға қолдау береді. Бірақ айдың ортасында торпақтардың басқалармен қарым-қатынаста қиындықтар пайда болуы мүмкін. Жұлдыздар әр нәрседен проблема шығаруды қою керек дейді. Айдың соңында мұқият болу керек, егер бір нәрсеге қол жеткізу қажет болса, сізге біраз күш салу керек болады.

Ер азаматтар осы айда өздерін жеңіл сезінеді. Бұрыннан келе жатқан мақсатына жетуге жасалатын қадамдары анық бола түседі. Нақты нәтижелер үшін қатты берілудің қажеті жоқ, арасында үзіліс алып тұрған дұрыс.

Егіздер

Ақпан айы бұл жұлдыз белгілері үшін күтпеген жаңалықтарға толы болады. Оған төзу тек шыдамдылардың қолынан келеді. Айдың ортасында жылдам шешім қабылдау қажеттілігі туады. Осындай қиын-қыстау кезде қасыңызда болған адамдар туралы ұмытпаңыз.

Әйелдер жаңа нәрселерді ашуға құмартып, алысқа сапарлатуы мүмкін. Алайда сапарды жоспаралаған кезде қарызға кіріп кетпеген жөн. Ақпанда жұлдыздар жақын таныс емес адамдардан сақ болуға шақырады. Олар сізден пайда көруге мүдделі болуы мүмкін.

Ер адамдарға жауапты тапсырмалар берілуі мүмкін. Оларды орындау үшін жақындар мен айналадағы адамдардың пікіріне құлақ асу қажет.

Айдың екінші жартысы күйзеліске толы болуы мүмкін, бастысы жағдайды ушықтырып жібермеу. Жұлдыздар айдың соңында  тыныштықта біреумен жақсы әңгіме-дүкен құруға кеңес береді.

Шаян

Айдың басында шаяндар тез арада орындалуы керек маңызды міндеттерге тап болуы мүмкін. "Ішкі дауысыңыз” оларды шешу жолдарын ұсынады, оған құлақ асу керек, сонда қателіктерден айналып өтесіз. Айдың ортасында демалып, достарыңызбен кездесуге болады.

Ал ақпан айының соңында күшіңізді біркелкі жұмсау  қажет. Себебі проблема бас-басына үйіліп кетуі мүмкін. Үзіліс алып, күнделікті тіршілікке оралу маңызды.

Ақпан айында шаяндар белгісіндегі ірі сауда жасағысы келуі мүмкін, бірақ жұлдыздар асықпауға кеңес береді. Сатып алғалы жатқан заттың маңыздылығы туралы ойлану қажет. Айдың соңын жақын адамдарға, әсіресе, балаларға көңіл бөлген жөн. Бұл күйзелістен құтылуға көмектеседі.

Ақпанда ерлерге сәттілік серік болып, қолынан бәрі келетін болады. Осы орайда олар өмірлерін өзгертуге ниеттенеді. Біраз жұлдыздар болып жатқан оқиғаларға қарым-қатынасты өзгерту керек дейді. Айдың соңында шаяндарға сынақ берілуі мүмкін. Мұнда маңыздысы – мотивацияны жоғалтпау.

Арыстан

Арыстандар бұл айды араласатын адамдары мен жалпы жеке кеңістігін тазалауға арнау қажет. Бұл өз кезегінде айналаңызды тазалауға мүмкіндік береді. Дәл қазір сіз көңіл бөлуге тұрмайтын адамдарға үлкен назар аударып жүрсіз.

Ақпан айының ортасында арыстандар үшін, жұлдыз жорамал бойынша, әділеттілік үшін күрес белгісімен өтуі мүмкін, алайда ең үлкен проблемалық жағдайдан олар тапқырлығы арқасында шыға алады.

Ақпан айында әйелдер барлық жоспарларын жүзеге асыра алады, тек нәтижеге жетемін деп сену керек. Бқл айла бастамашыл бола түсесіз. Артыңыздан біреулердің айтқан сөздеріне құлақ асудың қажеті жоқ.

Айдың соңы сәтті ұсыныспен байланысты болуы мүмкін. Алайда бірден бөрікті аспанға лақтырудың қажеті жоқ, мұнда да мән беруі керек нәрселер болуы мүмкін.

Ақпан айында ер адамдарға оңай болмайды. Қоршаған ортаңыз көңіл бөлуді сұрайды, бірақ өзіңізге де уақыт бөлу маңызды. Алайда тым өзімсініп кетудің де қажеті жоқ.  Айдың соңы өзін-өзі тәрбиелеудің тамаша уақыты, сіз бұрын білмеген жаңа дағдыларды игере аласыз.

Бикеш

Өмірді жақсартудың бірқатар мүмкіндіктері пайда болады. Алайда өз күшіңізге сенбесеңіз, барлығын бірдей алудың қажеті жоқ. Қиын тапсырмалар бикештердің әрдайым соңынан еріп жүреді. Өзіңізді қолға алып, іске кірісу керек, сонда бәрі де болады. Жоспарлы түрде әрекет етсеңіз, нәтижеге жеткенде ештеңеге алаңдамайсыз.

Бикеш белгісіндегі әйелдерге оңай болмайды. Жақындарыңыз сіздің идеяларыңызға күмәнмен қарауы мүмкін. Сондықтан жоспарларыңызбен бөлісудің қажеті жоқ. Ал айдың ортасында досыңыз сізге барлық жағынан қолдау көрсетеді. Ең бастысы – оған алғыс айтуды ұмытпаңыз. Ал айдың соңында жақсылап демалуға да болады.

Бикеш белгісіндегі ерлер айдың басында қысқа мерзімді мәселелерді шеше алады. Айдың ортасында бос уақытты жақын адамдарға арнауға болады. Егер сіз демалысқа уақыт бөлмесеңіз, онда айдың аяғында өзіңізді әлсіз сезінуіңіз мүмкін. Бірақ егер сіз уақытында үзіліс жасасаңыз, онда ақпанның соңғы күндері сәтті болады.

Таразы

Жұлдыз жорамалға сәйкес, ақпан айында таразыларға алға қойылған мақсаттарды орындауға көмектесетін нақты іс-қимыл жоспарын жасаған дұрыс, ал барлық күмәнді артта қалдыру керек.  Жаңа мүмкіндіктерден шатасып, не істеріңізді білмей қалуыңыз мүмкін. Бұған үйрену керек, сонда бәрі жақсы болады.

Ақпан айында таразы белгісіндегі әйелдер өздерінің мүмкіндіктерін бағалауы керек. Содан кейін сіз өзіңізді қосымша жүктемеден қорғап, жүйке проблемаларынан сақтай аласыз.  Аяқ-асты шешімдер қабылдамаған дұрыс. Айдың соңын спортқа, демалысқа арнауға болады.

Таразы белгісіндегі ерлерге жұлдыздар кездесулер мен таныстықтарды болжайды, бұл жаңа байланыс құруға көмектеседі. Бірақ ескі достар туралы ұмытпаңыз, олармен ізгі ниетті сақтау керек.

Сондай-ақ отбасыңызға уақыт бөлуді ұмытпаңыз, ал айдың соңында бейтаныс компанияларда ашық әңгіме-дүкен құрмаған жөн, өйткені кейбір адамдар сізді өз мақсаттары үшін пайдаланғысы келеді.

Сарышаян

Ақпан айының басында проблемаларды шешкен кезде ұсақ-түйектерге мұқият назар аудару керек, егер оларды жіберіп алсаңыз процесс ұзақ уақытқа созылады. Осы айда демалуға мүмкіндік жоқ. Өміріндегі өзгерістерді жоспарлаған адамдар тоқтамауы керек, сонда ғана олар керемет нәтижеге жетеді.

Сарышаян белгісіндегі әйелдер бұл айда төзімділікпен сыналады. Әр уақытта саналықты және байыптылықты сақтаңыз. Дұрыс кеңес беретін жақын адамдарға сүйену керек.

Ал ерлер осы айда қарқынды жұмыс істейді. Тіпті жалғыз өзі еңсере алмайтын жұмысқа тап болады. Мұндай жұмыстан соң әдетте адам шарайды. Сондықтан қолдағы жоспарға сүйенген дұрыс. Демалыс тек айдың соңында ғана мүмкін болады.

Мерген

Мергендер түбегейлі өзгерістерге дайындалғаны дұрыс және бұл кезеңді өз мақсаттары үшін пайдалануға болады. Айдың бірінші жартысында олар жоспар жасайды, содан кейін оларды іске асырады. Ең бастысы – өзіңізге күмәнданбау және басқа адамдардың идеяларын пайдаланбау, себебі өзіңіздің беделіңізге нұқсан келтіресіз.

Саясатпен немесе қоғамдық қызметпен айналысатын мерген белгісіндегі әйелдерге сәттілік келеді. Осы уақытта олар көптеген серіктестерді табады, олардың арасында ықпалды адамдар болуы мүмкін.

Мерген белгісіндегі ерлерде айдың басы қалыпты болады, бұл уақытта бәрін талдап, артығын алып тастау үшін пайдалануға болады. Бұл сіздің беделіңізді арттыруға және белгілі бір артықшылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Тауешкі

Ақпан айы сәтті болуы мүмкін, себебі бұл ай идеяларды жүзеге асыру үшін қолайлы. Достарыңыз туралы ұмытпаған дұрыс, өйткені көп ұзамай олардың көмегі керек болады. Айдың ортасы сізді шаршатса,  шыдамдылық пен байыптылықты сақтаңыз.

Ақпан айында әйелдер бұрын қорқыныш тудыратын әрекеттер туралы маңызды шешім қабылдауы мүмкін және бұл сәтті аяқталады. Кейде бәрін аяқ-асты жасағанда оң өзгерістер байқалады. Осы айда сіз тағдырыңызды байланыстырғыңыз келетін жақын адамды жолықтыратын шығарсыз.

Ерлердің бұл айда жеке өміріне байланысты таныстықтар көп болады, барлығының көңілінен шығасыз. Айдың ортасында мансабыңыз туралы ойланып, шешім қабылдау қажет.

Суқұйғыш

Ақпан айының басында суқұйғыштарға бір нәрсені бастау үшін ойын жинақтау қиынға соғады, бірақ қайтадан күшті сезіну үшін өзіңізбен жұмыс істеу керек.

Ақпан айында суқұйғыш белгісіндегі әйелдер өз-өздеріне талдау жасап, өткен өміріндегі қателіктерді қазбалай түседі. Бұл өз жемісін береді, ескі қателіктерді ескере отырып, болашақта бұған жол бермеуге болады. Бірақ жақын адамдар туралы ұмытпаңыз, мүмкін олар сіздің қолдауыңызға мұқтаж шығар. Шиеленіскен сәттер болған жағдайда демалуға уақыт табу керек, әйтпесе жүйкеге кері әсері тиеді.

Ақпан айында суқұйғыш белгісіндегі ер адамдар белсенді қоғамдық жұмыстарға тап болады. Бірақ егер сіздің отбасыңыз болса, онда үйде жиі болмаңыздың кесіренен проблемалар туындауы мүмкін. Уақытты дұрыс бөліп, жақын адамдарыңызға назар аударған дұрыс, қала сыртына шығып, негативті шығарыңыз.

Балықтар

Ақпан айында балықтар сәттіліктің ортасында жүреді. Бірақ бұл үшін сіз батыл болуыңыз керек, бұл ай сізге ұзақ уақыт жоспарлаған істі жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Егер біреу қаржылық немесе тұрғын үй мәселесін шешуді жоспарласа, онда бұл уақыт та бұған қолайлы.

Ақпан айында әйелдер әлемге шынайы көзқараспен қарай алады және бұл пайдалы болмақ. Түйсікке әрдайым сүйене беруге болмайды, кейде ақыл-ойға салған дұрыс, әсіресе қарым-қатынаста бұл маңызды.

Ақпан ерлер үшін жеке өмірге қатысты сәтті ай болады. Олар барлық кедергілерге қарамастан үнемі алға ұмтылғысы келеді. Айдың ортасында шаруаларды ретпен орындау маңызды, себебі әлдебір нәрсеге мән бермей қалсаңыз, нәтижесі жағымсыз болуы мүмкін. Айдың соңы жақсы көңіл-күйге толы болады, шығармашылық әлеуетіңіз артады.