Bugin

Шенеуніктердің жалақысын көтеруге мораторий жарияланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда депутаттардың, әкімдердің және үкімет мүшелерінің жалақысын көтеруге мораторий жарияланды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

- «Парламент депутаттарының, үкімет мүшелерінің және барлық деңгейдегі әкімдердің жалақысын көтеруге мораторий енгізу туралы» қаулы қабылданды», - делінген сейсенбі күні таратқан хабарламада.

Мораторий бес жыл мерзімге жарияланды.

Еске салайық, 11 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев аталған санаттағы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы «жеткілікті» екенін айтып, үкімет мүшелерінің, облыс әкімдері мен орынбасарларының жалақысын көтеруге бес жылға мораторий жариялау мүмкін деп санайды.