Bugin
Ақтаудағы митингке барып, халық ішінде болған Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин өз лауазымын жеке кәсібіне пайдаланып отырған басшы туралы айтты. Бұл туралы ол «Қасқа жол» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
- «Аты-жөнін айтпай-ақ қояйын. Бір үлкен кісі бір азаматқа айтыпты. Қазір өзі үлкен лауазымда отыр. «Халық деп айтатын адамды жек көрем. Адам өзіне жұмыс жасауы керек» - деп айтыпты. Квалификациялық орталықта отырған басшы. Ол кезінде Үкіметте де отырды. Міне, сондай адамдар билікте отырғаннан кейін не қайыр? Қандай пайда халыққа? Сондай пиғылмен отырған адам көп. Олар өздерінің қарақан басы мен компанияларының бизнесін жүргізіп отыр. Мен солай деп есептеймін. Егер де халықты ойлаған болса олар елге жұмыс жасар еді. Ол жиған тергенінің бәрін о дүниеге алып кетпейді ғой. Олардың тоятын уақыттары болды» - деді депутат.