Bugin

Мәжілістің жаңа төрағасы маңызды мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мәжілістің жаңа төрағасы Ерлан Қошанов депутаттар алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды bugin.kz порталы.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтып өткен жаңа Қазақстанды құру жолында парламентке үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Сондықтан қазіргі сын кезеңде біздің басты міндетіміз - халықтың сенімін ақтау және Президенттің бастамаларына барынша қолдау көрсету. Депутаттарға сайлаушылардың талабы жоғары екенін білесіздер. Әсіресе, кешегі қаңтар оқиғасы бүкіл ел үшін үлкен сынақ болды. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен тұтастығын сақтау мәселесі күн тәртібінде тұрған болатын», - деді Ерлан Қошанов.