Bugin

Назарбаевтың ескерткішін құлатқан ер адамның арқасын үтікпен күйдірген (фото)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Талдықорған қаласында наразылық кезінде тұңғыш президент Назарбаевтың ескерткішін құлатуға қатысқан Азамат Батырбаевты уақытша ұстау изоляторында азаптап, денесін үтікпен күйдіргені туралы белсенді Дана Жанай өзінің Instagram парақшасында жазба жариялады. Бұл туралы orda.kz басылымы жазды, деп хабарлайды bugin.kz порталы.

Белсендінің айтуынша, Талдықорған қаласындағы Назарбаев ескерткішін бұзуға қатысқан Азамат Батырбаевты аяусыз соққыға жыққаны, «адамгершілікке жатпайтын түрде» азаптады.

Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Полиция қызметкерлері Азамат Батырбаевты ұрып-соғып, денесін үтікпен күйдіріп кеткен. Сонымен бірге құзырлы органдар оны емделуіне және сауығып кетуіне қажетті, тиісті көлемдегі медициналық көмек әлі алмаған кезде емдеу мекемесінен алып кетіп, емдеуге және қалпына келтіру жағдай жасалмаған тергеу изоляторына қамады» деді Дана Жанай.

Қазіргі таңда, тергеу изоляторында Азамат Батырбаевты азаптау жалғасып жатқаны туралы ақпарат белгісіз.

Еске салсақ, халықаралық және қазақстандықтардың назарына іліккен 2022 жылдың 5 қаңтар күні бүкіл Қазақстан бойынша шерулер кезінде Талдықорғандағы наразылық білдірушілер Назарбаевтың ескерткішін құлатты. Азамат Батырбаев жүк көлігін басқарып, оның көмегімен ескерткіш бұзылды.

Фотоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.