Bugin

Елбасы туралы заң Президентке қол қоюға жіберілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Парламент Елбасы туралы заңға өзгерістер енгізді. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

Мәжіліс депутаттары Сенат енгізген мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігінің күшін жоюға қатысты түзетулерді қолдады. Сондай-ақ, заң жобасында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалық етуінің күшін жоятын түзетулер бар.

Заң Президентке қол қоюға жіберіледі.