Елорда тұрғындары Тоқаевқа өтініш жолдады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан елорда әкімі Алтай Көлгіновті қызметінен босатуды сұрады. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды. 

2 ақпанда елордада баспасөз жиыны өтіп, онда астаналықтар Талдыкөл көлін толтыруға қарсылық білдіріп, қала басшысының отставкаға кетуін талап етті.

Бастамашы топтың пікірінше, Көлгіновпен бірге оның орынбасары Нұрлан Нұркенов, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев және қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаева кетуі керек.

Бастамашыл топ әкімдік құрылыс салушылардың мүддесін лоббирлеп, тұрғындардың арыз-шағымын елемеуде деп есептейді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61