Bugin
Қарағанды облысында жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кетті. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
«Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 ақпанда сағат 13.55-те жүк пойызының 12 вагоны жолдан шығып кеткен.
- «Құрамның ішінде бидай болды. Вагонның бүйір жақтауы сынып кеткен. Апат орнында Сары-Шаған, Шу және Балқаш станцияларының қалпына келтіру пойыздары жұмыс істеп жатыр», - деді баспасөз қызметі өкілі.
Қазір Жамбыл бөлімшесі учаскесінде поездардың бір жолды қозғалысы қалпына келтірілді. Жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.