Ең жас депутат Назарбаевтың өкілеттігін тоқтату туралы заңды қолдады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Мәжіліс депутаттары «Тұңғыш Президент – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сенаторлар ұсынған түзетуді мақұлдады. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

Түзетуге сәйкес, аталған заңнан сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша бастамалар Елбасымен келісіледі деген норма алынып тасталды.

Мәжілістің жалпы отырысына 93 депутат қатысты. Барлық 93 депутат бірауыздан бұл норманы алып тастауды қолдады. Олардың қатарында бұған дейін Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін орнатуды ұсынған Мәжілістің ең жас депутаты Мәди Ахметов те бар.