Bugin
Өтініш беру үшін азаматтың қолында ЭЦҚ болуы тиіс.
Аз қамтылған отбасылар мен басқа да табысы аз тұрғындардың баспанаға төлейтін жалдау ақысын үкімет тарапынан өтеп беру бастамасы 2021 жылы көтерілген.
Жарты жыл талқылаудан өтіп, 2022 жылдың басында мемлекеттік бағдарлама ретінде қабылданды.
Кімдер алады?
- Көп балалы аналар;
- 1-ші және 2-ші топтағы мүгедек жандар;
- Жетім балалар
- Мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырған жанұялар.
Бір айта кетерлігі, жалдамалы пәтер құнын ақшалай алғысы келген азаматтардың бәрі әкімдіктің үй кезегінде тұруы тиіс.
Қашаннан бастап беріледі?
"Отбасы банк" мамандарының айтуынша, қазір ортақ база (Baspana market) құрастырылып жатыр. Шамамен, 2022 жылы мамыр айында жасақталып бітеді. Азаматтардың өтінішін қабылдау да сол кезде басталмақ.
Қалай өтініш береміз?..
Өтінішті банкке бармай-ақ, онлайн беруге болады. Ол үшін Baspana market платформасына кіріп өтініш беру керек. Отбасы банктің есебінше, қазір шамамен 70 мыңнан аса адам жалдамалы пәтердің жарты ақшасын алуға лайықты. Бұл азаматтардың тізімін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жасайды.
Өтініш беру үшін азаматтың қолында ЭЦҚ болуы тиіс. Азаматтың соңғы 6 айдағы табысы есептеліп, 36 мың теңгеден аспағандарға пәтерақы төленеді.